Кілегей — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кілегей (Сливки) — сүтті сепаратордан өткізгенде алынатын, майлылығы жоғары сүт тағамы; тағамдық мәні де жоғары: құрамында А,Д,Е витаминдері мол.
Кілегей 1 және 2-сортты сүттен алынады. Сепараторға түскен сүт ортадан тепкіш күштердің әсерінен кілегей мен көк сүтке ажыратылады. Көк сүттің майлылығы 0,05%-дан аспауы керек. Сүттің сепараторда жақсы бөлінуіне сүттің температурасы (35-40° С болғаны дұрыс), тазалығы, барабандағы тәрелкелер саны, барабанның айналу жиілігі, сүттің қышқылдылығы факторларының өсері болады. Сепаратордан шыққан Кілегей қышқылдық көрсеткіштері бойынша бірінші және екінші сортқа бөлінеді.[1]
- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
![]() ![]() ![]() | ||
---|---|---|
Төрт түлік сүті | ||
Сүт түрлері | Жай сүт • Пастерленген сүт • Қайнатылған сүт • Піскен сүт • Қойытылған сүт • Құрғақ сүт • Ұйыған сүт • Майсыздандырылған сүт | |
Сүт өнімдері | ||
Қосымша |