Ым — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ым – басқа адамға айтпақ ойды дене мүшелерінің қимылымен жеткізу. Егер біреу басқа адамдар естіп не сезіп қоймасын деп ым жасаған кезде аяқ-қол, бет-ауызды қисайтып немесе қолмен, аяқпен байқатпай түртіп өзінің ой-пікірін қажетті адамға білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында ымның шешуін таппаған адамды “ым-ды түсінбеген, дымды түсінбейді” деп күстаналау қалыптасқан. Қазақ халқы ымды түсінгенді зерек, алғыр және ақыл-ойы мол адам деп есептейді.
Қазақ энциклопедиясы, 9 т.