Эрнст Хаппель (стадион) — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Эрнст Хаппель» (нем. Ernst-Happel-Stadion) — Вена қаласындағы футбол стадионы. Аустрия Ұлттық футбол құрама командасы өз алаңындағы матчтарын өткізеді.
Құрылысы 1931 жылы 11 шілдеде аяқталды. Аустриядағы ең үлкен арена. 1992 жылға дейін "Пратерштадион" деп аталып келді. 1992 жылы аустриялық ең танымал бапкер Эрнст Хаппельдің есімі берілді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Аустрияны Германия жаулап алған соң, стадион тұтқындарды қамау орнына айналды.
"Аустрия" мен "Рапид" клубтары еуротурнирлердегі матчтарын осында өтікзеді. Себебі, өз стадиондары мұндай халықаралық жарыстарды өткізуге тым кішілік қылады.
2008 жылғы Еуропа чемпионаты қарсаңында күрделі реконструкция жасалды. Оған 36, 9 млн. еуро жұмсалды.
- Жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты, 1938
- УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы, 1964, 1987, 1990, 1995
- Кубок иелері кубогының финалы, 1970
- Футболдан Еуропа чемпионаты, 2008
- allstadium.org сайтындағы стадионның профилі Мұрағатталған 29 қарашаның 2014 жылы.